8 декабря т. г. первый контейнерный состав с тарированным зерном нового урожая отправился со станции Атбасар Акмолинского отделения железной дороги в китайский Сиань.
Контейнерный поезд с 82 контейнерами направляется по утвержденному расписанию и маршруту аналогичному пассажирскому движению. Это сократит продолжительность стоянок в пути следования, обеспечив удобную и экономичную доставку груза.
Как говорит начальник станции Атбасар Серик Кайниденов, "отправка зерна в контейнерах обеспечивает доставку груза от пункта отправления до пункта назначения – от склада до склада – без перегруза на станциях".
"Контейнерные перевозки в мировой практике считаются одними из самых эффективных способов доставки грузов на большие расстояния", – отмечает С. Кайниденов и поясняет, что "использование универсальных контейнеров, благодаря модальности при погрузочно-разгрузочных работах на любом транспорте и скорости обработки контейнерных модульных грузов, значительно снижают затраты этого вида грузоперевозок. При этом нет необходимости в промежуточных складских услугах, так как контейнер уже сам является малым складским модулем".
Преимущества контейнерных перевозок: сокращается время оборота вагонов, освобождаются крытые вагоны под погрузку пшеницы, которые также используются для перевозки продуктов перемола, как во внутриреспубликанском, так и в экспортном сообщении.
По достоинству оценили альтернативный вариант перевозки пшеницы в контейнерах и грузоотправители. Директор филиала Национальной палаты предпринимателей "Атамекен" Атбасарского района Роза Тасмагамбетова считает, что контейнерная отправка снижает затраты на доставку груза и повышает рентабельность бизнеса сельхозпроизводителей и добавляет, что "при четкой организации вывоза зерна сельхозпроизводители могут выполнить свои обязательства, выплачивать по кредитам, вовремя платить заработную плату. Это очень важно для нашего региона".
"ҚТЖ" ҰК" АҚ ҚХР-ға контейнерлік астық тасымалын ұйымдастырды
8 желтоқсан Ақмола теміржол бөлімшесінің Атбасар станциясынан Қытайдың Сиань қаласына астық тиелген контейнерлік пойыз жөнелтілді.
82 контейнерден тұратын пойыз жолаушылар қозғалысы секілді белгіленген кестемен арнайы бағдармен жіберілді. Ол арқылы пойыздың тұру уақыты қысқарады.
"Контейнермен астық жөнелту жолдағы уақытты қысқартып, вагон айналымын ұлғайтады. Жүктің белгіленген бекетке қауіпсіз жетуін қамтамасыз етеді", – дейді Атбасар станциясының бастығы Серік Қайниденов.
Қазіргі таңда, әлемдік тәжірибеде алыс қашықтықтарға жүкті контейнермен тасымалдау тиімді тәсілдердің бірінен саналады. Әмбебап контейнерлерді пайдалану барлық көліктердегі жүкті түсіріп, тиеудегі қолайлығына, жүктерді өңдеу оңайлығына байланысты жүк тасымалдаудың арзандығына сәйкес таңдалынып отыр. Оған аралық тасымалдау кезінде қоймалар да қажетсіз.
Контейнердің қолайлылығы сонда, оны теміржолмен, автокөлікпен, су көлігімен де тасымалдауға болады.
"Бұл жоба жүк жеткізудің географиялық ауқымын өсіре түседі. Енді біз жүкті шекаралық станцияға дейін, қоймадан қоймаға дейін жеткіземіз. Контейнерді пайдалану астық өнімдеріне жабық вагондарды пайдалануды алмастырады. Біз ұн өнімдерін республикаішілік және экспорттық бағдарда тасымалдай аламыз", – дейді С. Қайниденов.
Бұл жобаны жүк жөнелтушілер де қуаттап, қолдап отыр.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атбасар ауданы филиалының директоры Роза Тасмағамбетованың айтуынша, мұндай жоба жүк жеткізу шығынын азайтады. Бұл ауыл шаруашылығы бизнесінің тиімділігін көтереді.
"Астық тасымалдауды жетік ұйымдастыру арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілері өздерінің міндеттемелерін уақытында орындап, несиелерін уақытында төлей алады. Еңбеккерлерге айлығын да уақытында төлейді. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды", – дейді Р. Тасмағамбетова.